Жамбыл облысында сел жүріп, 500 қой суға кеткен

Шу аудыны Ақтасты елдімекенінің маңындағы таулы аймақта нөсер жауын селге айналды.

Жамбыл облысында сел жүріп, 500 қой суға кеткен
скриншот
586

Жамбыл облысы Шу ауданында нөсер жауынның соңы селге ұласып, 500-ге жуық қой суға ағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

30 маусымда Шу аудынындағы Ақтасты елдімекенінің маңындағы таулы аймақта нөсер жауын селге айналып, шаруа қожалығының қойларын ағызып әкеткен. Суға кеткен шаруашылықтың иесі отардағы 485 қойдың жайылымда өліп жатқанын айтады.

Жергілікті әкімдік арнайы комиссия құрып, шығынды есептеп жатыр. Жайылымды аралап, екі жүзге жуық қойдың өлексесін тапқан. Шығынға батқан шаруаға мемлекеттен өтемақы төленбек.

«485 бас мал шығыны болды деп өзі айтып отыр. Бірақ біз ауданның ветеринария қызметі және ауыл жастарымен өлген малдың өлексесін санағанда 192 бас табылды. Бүгін тағы мал іздеп жатырмыз. Малдың бәрін тапқаннан кейін, оны базадағымен салыстырып, қанша шығын кеткені туралы комиссия құрылады, жұмыс жалғаса береді», – дейді Шу ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Бетбаев.

Серіктес жаңалықтары