Моңғолия парламенті тарихында тұңғыш рет қазақ әйел депутат болып сайланды

Замира Сонгобайн 2023 жылғы жазда қабылданған сайлау туралы жаңа заң бойынша парламентке өткен 32 әйелдің бірі атанды.

Моңғолия парламенті тарихында тұңғыш рет қазақ әйел депутат болып сайланды
Сурет: @zamira_songobay
1073

Моңғолия парламенті тарихында тұңғыш рет ұлты қазақ әйел Сонгобайн Замира Мемлекеттік Ұлы Хуралдың мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды turkystan.kz “Номер один” басылымына сілтеме жасап.

Одан бөлек, Замира Сонгобайн 2023 жылғы жазда қабылданған сайлау туралы жаңа заң бойынша парламентке өткен 32 әйелдің бірі атанды.

Жаңа заң ережесіне сәйкес, депутат корпусының үштен бір бөлігі әйелдер болуға тиіс. Келесі парламенттік сайлаудан соң әйелдердің үлесі 2028 жылға дейін 40 пайызға ұлғаймақ.

Сонымен қатар, өткен сайлауда сайлау округтерінің саны артып, бірнеше аймақ кіріктірілді. Алайда Баян-Өлгей аймағын жеке округ ретінде енгізген, себебі онда аз этникалық топтар тұрады. Оның ішінде ең көбі – 3,5 млн халқы бар Моңолия тұрғындарының 5 пайызын құрайтын қазақтар.

Замира Сангобайн – бес баланың анасы. Сондай-ақ ол Моңғолия Іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Мамандығы бойынша – экономист. Көп жыл сауда саласында жұмыс істеген. Мажар-моңғол бірлескен компанияға иелік етеді. Одан бөлек, 2007 жылы қазақстандық кәсіпкермен бірлесіп пайдалы қазба өндіретін компания ашқан.

Серіктес жаңалықтары