404
Бізге Газа, Украина және Ауғанстанда бейбітшілік орнағаны қажет – БҰҰ Бас хатшысы
Гуттериш барлық елдер Ауғанстан терроризмнің ошағына айналмауы үшін бірігуі керек деген пікір айтты.
Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш қазіргі геосаяси ахуал туралы айтып, бейбіт, тату болуға үндеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бізге Таяу Шығыста бейбітшілік орнағаны қажет, Газа секторында да атысты дереу тоқтатып, барлық тұтқынды босатып, палестиналықтардың өзін-өзі анықтау құқығы аясында екі ел мәселесін шешудің жол картасы қажет. Бізге Украинада БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқыққа негізделген бейбітшілік болғаны қажет. Бізге Суданда, Сомалиде, Мьянмада, Гаитиде де бейбіт күн туғаны керек, - деді Антониу Гуттериш.
Гуттериш барлық елдер Ауғанстан терроризмнің ошағына айналмауы үшін бірігуі керек деген пікір айтты.