501
Статистика: Биыл 102 бала терезеден құлап кеткен
Өткен жылы осындай 170 оқиға тіркелді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын жаз мезгілінде балалардың терезеден құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады.
«Жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметінің кезекші пультіне 102 хабарлама түсті. Апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Өткен жылы осындай 170 оқиға тіркелді», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.