«Заң алдында барлығы бірдей»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайраттың жағдайына қатысты жауап берді
Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі туралы сұраған оқырмандарына жауап беріп, өтінішін айтты.
Актриса заң алдында барлық адам бірдей жауап беретінін мәлім етті.
«Бұдан артық үндемеуге болмады! Ешқашан жеке мәселені инстаграмда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің бар фокусым балаларымда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар намысшыл. Ата-анасы өнер адамдары болғаны үшін олар неге қиындық көруі керек? Заң алдында Қазақстанның барлық азаматы бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар. Балаларға ауыр тиіп жатыр!», - деп жазды актриса.
Еске салсақ, Қайрат Нұртас 5 шілде күні «Алматы-Астана» әуе рейсінде бейәдеп сөз айтып, төбелес шығарғаны үшін 15 тәулікке қамалған болатын.