Қазақстан «жасыл» туристік бағыттар тізіміне енді

Қазақстан «жасыл» туристік бағыттар тізіміне енді
www.gov.kz
278

Қазақ Туризмнің ұсынысы бойынша Шығыс Қазақстандағы Қатон-қарағай ауданы британдық Wanderlust журналының Travel Green List атты «жасыл» туризм бағыттарының тізіміне кірді.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйен­сек, Азия аумағында аталған тізімге тұрақты ту­ризм бойынша бастамалар үшін Қазақстандағы ауыл туризмінің дамытуымен қатар, Жапониядағы мәдени ағар­ту орталықтар және Сингапурдағы табиғи қорыққа ай­налған теміржол сияқты жобалар кірген.


Журнал редакциясы: «Бес жыл бұрын Шығыс Қа­зақ­станның дархан даласы, таулары мен ормандары кең таралған Қатон-қарағай ауданының тұрғындары қиын жағдайға тап болды. Бұл жер құстардың 275-ке жуық түрі паналайтын елдегі ең үлкен ұлттық саябақ бол­ғанына қарамастан, оның 48 ауылды мекені турис­тер­ді аз тартуына орай жұмыс орны көп болмады. Нә­ти­жесінде, ғасыр басынан бері оның халқы екі есеге қыс­қарды, себебі көптеген тұрғын жұмыс іздеп қала­ларға көшті» – деп жазған.


Бұнымен қоса, британдық редакция 2019 жылы Қа­тон-қарағайды қоса алғанда, шалғайдағы үш ауданның өмір сүру са­па­сын жақсарту мақсатында ашылған «Ауыл­дық аумақтарды тұрақ­ты дамыту қорына», оның қызм­е­ті­не, атап айтқанда қона­қүй иелерін оқыту және қонақ­жай­лылық мектебін ашу, соқпақ­тар­ды күтіп ұстау, жол нұс­қаулар мен туристік ақпарат орта­лық­ты қаржы­лан­дыру сияқты бастамаларға жоғарғы баға берген.
Бұл жобалар аймақтағы тұрақты туризм қауымдас­ты­ғын құрып, туристер үшін қолайлы жағдай жасауға ық­пал еткені де айтылған.
Еске сала кетейік, халықаралық ITB Berlin 2024 ту­рис­тік көр­месі аясында Шығыс Қазақстан облысының «Қа­тон-қара­ғай аймағын тұрақты дамыту» қоғамдық қо­ры «Тұрақты ту­риз­мнің 100 үздік бағыты» тізіміне кі­ріп, «Өркендеуші қо­ғам­дастықтар» категориясында жеңіске жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары