«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті

«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті
www.gov.kz
227

«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті. Saz&Soul тобы Хьюстондағы Warehouse LIVE сахнасында жеке концерт қойды. 

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының шығармашылық ұжымы танымал халық әндерін, заманауи қазақ музыкасын, күйлерін түрлі стилистикада орындады. Бағдарламада авторлық әндер мен аспаптық шығармалар да болды.
Концерттің ерекше тұсы қазақстандық композитор Тілес Қажығалиевтің 75 жылдығына орай Saz&Soul-дың жаңа аранжировкада өңделген «Мәңгілік махаббат» композициясының орын­далуы болды.
Saz&Soul тобының шығармашылығы қазақ ха­лық әндері мен авторлық шығармаларға не­гіз­делген. Олардың репертуарынан академиялық му­зыка, джаз, поп, самба, румба және техно-электронды музыка сияқты түрлі жанрлар мен сти­льдерді тыңдауға болады.

Серіктес жаңалықтары