«Наурыз» бағдарламасы: Өтінім берген үміткерлер тізімі жарияланды
Тізімге енген 12 500 адамның 7 151-і – отбасылы қазақстандықтар.
25 сәуірде Қазақстанда «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын. 38 мыңнан астам өтініш қаралып, оның ішінде 12 500 қазақстандық қабылданды, деп хабарлады «Отбасы» банк.
«Наурыз» бағдарламасының рейтингтік кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлаймыз. Өтініштердің жалпы саны 38 000-нан астам болып, олардың 12 500-і қабылданды», - делінген Отбасы Банктің Instagram-дағы ресми парақшасында.
Тізімге енген 12 500 адамның 7 151-і – отбасылы қазақстандықтар, 9 100-і – кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар. Қатысушылардың шамамен 47% тұрғын үй кезегінде тұрғандар, олардың жартысы халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.
Нәтижелерді Отбасы Банк сайтынан мына сілтеме арқылы білуге болады: https://hcsbk.kz/ru/to-get-a-loan/nauryz/
Ұпайлар қалай есептелді?
- салым бойынша сыйақы мөлшері - әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;
- тіркелген некенің болуы - 5 ұпай;
- балалардың болуы - 10 ұпай (балалар санына қарамастан);
- халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы - 10 ұпай;
- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.
«Наурыз» бағдарламасының шарттары:
- алғашқы жарна - 20%-дан бастап;
- тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
- азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
- несие мерзімі - 19 жылға дейін.
Қарыздың ең жоғарғы мөлшері:
- Алматы мен Астана қалалары үшін - 36 млн теңгеге дейін.
- қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.