7 жастағы Милана Давыдованы өлтірген ер адам қолын кесіп тастады

Оқиғадан бірнеше минут өткен соң сот ғимаратына жедел жәрдем бригадасы жеткен.

7 жастағы Милана Давыдованы өлтірген ер адам қолын кесіп тастады
скриншот
4203

7 жастағы Милана Давыдованы өлтірді деп айыппен өмір бойына сотталған ер адам үкімді жариялау кезінде қолын кесіп тастаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгін сот залында сот үкімі шыққан кезде 7 жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған сотталушы сол қолының білегін кесіп тастады. Айыпталушыны дәрігерлер тексерді, медициналық көмек пен ауруханаға жатқызуды қажет етпейді», – делінген хабарламада.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиғадан бірнеше минут өткен соң сот ғимаратына жедел жәрдем бригадасы жеткен.

«Қоңырау сағат 18:35-те түсті, себеп – өз-өзіне қол жұмсау әрекеті. Шақыртуға жету 10 минутқа созылды. Зардап шегуші 1971 жылы туған ер адам. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары