"Супер келін" байқауы өтті

"Супер келін" байқауы өтті

"Супер келін" байқауы өтті
ашық дереккөзі
960
Шымкентте облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының мамандары бірлесіп, "Бесік жыры - тәрбие бастауы" атты жас келіндер байқауын ұйымдастырды. Облыстың әр өңірінен жиналған 14 келіншек қазақы салт-дәстүрді қаншалықты жақсы білетінін және өз өнерлерімен көрсетуге тырысты, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.   Келіншектер өңірдегі түрлі аудан-қалаларынан жиналған. Олар бесік жырын айту, дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру, өз өнерін көрсету және үй жұмысы сынды төрт кезеңнен өтті. Алғаш болып өнер көрсеткен - Түлкібас ауданының келіні, 3 баланың анасы Ұлбосын Керімқұлова. Ол осы сайысқа бірінші рет қатысып отырғанын айтады. Бұл күні Қазақ келіні өзінің ақылы мен парасатын байқатуға тырысты. Ерекше конкурстың басты мақсаты - ұмытылып бара жатқан қазақы салт дәстүрлерді қайта жаңғырту дейді ұйымдастырушылар. Конкурста жас келіндердің өнері жан-жақты сарапталып, жеңімпаздар анықталды. Сонымен, келіндер конкурсының бас жүлдесін қазығұрттық келін Гауһар Қалмаханова жеңіп алды. Ал бірінші орын Айгүл Алтынбековаға бұйырды. Жүзден жүйрік атанған ару және басқа жүлдегерлер алғыс хаттар және ақшалай марапатталды.

Серіктес жаңалықтары