Қырғыз елінде сел ағызып әкеткен 4 адамның денесі Өзбекстаннан табылды

39 жастағы әйелдің денесі Өзбекстандағы Әндіжан өзенінен табылды.

Қырғыз елінде сел ағызып әкеткен 4 адамның денесі Өзбекстаннан табылды
Қырғыз Республикасы ТЖМ
1255

Қырғыз елінде селмен ағып кеткен 39 жастағы әйелдің денесі арада екі күн өткенде Өзбекстандағы Әндіжан өзенінен табылды.

Оның денесін көрші елдің құтқарушылары 16 шілдеде тапқан.

Мұның алдында 146 маман жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылған еді.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Ош облысы мен Ош қаласындағы қарқынды жауын-шашынның салдарынан қатты сел жүрді. Сел ағындары төрт адамды алып кетті деп хабарланды. Олардың барлығы бір отбасының мүшелері. Кейінірек 7 жасар қыздың денесі Өзбекстаннан табылды. Сонымен қатар, халықты эвакуациялау кезінде ер адам қайтыс болды. Оны жүк көлігі басып қалды. Ауруханаға барлығы 30 адам көмек сұрады. 15 шілдеде Ақ-Бууре өзенінен селден кейін жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды, сондай-ақ Өзбекстанда екі әпкесінің денесі табылды.

Серіктес жаңалықтары