"ҰБТ тапсырған кезде шектік бал болмайды": Шетелдегі қандастардың Қазақстанда жоғары білім алу талабы жеңілдетілді

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шектік бал болмайды.

"ҰБТ тапсырған кезде шектік бал болмайды": Шетелдегі қандастардың Қазақстанда жоғары білім алу талабы жеңілдетілді
www.istockphoto.com
2074

Шетелде тұратын қандас түлектердің Қазақстанда жоғары білім алу талаптары жеңілдетілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақтар үшін Қазақстаның жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады.

Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шектік бал болмайды.

Екіншіден, бес емтиханның орынына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пәннен).

Үшіншіден, төрт жоғарғы оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды.

Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермен азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік сақталды.   

Серіктес жаңалықтары