Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаровтың інісі ұсталды

Сот Ұлан Жапаровты 19 тамызға дейін қамауға алуға шешім қабылдады.

Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаровтың інісі ұсталды
kabar.kg
1357

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаров алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.

Бішкектің Первомайский аудандық сотының мәліметінше, сот 21 маусымда Бішкек бойынша ҰҚКМ ММ тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Ұлан Жапаровты 19 тамызға дейін қамауға алуға шешім қабылдады.

Cactus media сайтының ақпаратынша, Президенттің жиені Ұлан Жапаров облыстардың бірінде Қырғызстан Республикасы Президентінің өкілетті өкілі лауазымына орналастыруға уәде беріп, 100 мың доллардан астам сыйақы алған. Алайда, ол ешқашан уәдесін орындамаған.

Серіктес жаңалықтары