1449
Қытайлық азамат сүйіктісіне сөз салу үшін 33 тонна тас сатып алды
Қытайлық азамат сүйіктісіне сөз салу үшін 33 тонна тас сатып алды
Қытайдың Үрімші қаласының тұрғыны сүйіктісіне сөз салу үшін салмағы 33 тонна болатын тасты бір миллион юаньға (159 мың доллар) сатып алды, деп хабарлайды «РИА Новости» агенттігі.
Лю Фэй төрт жыл бірге болған сүйіктісі Ван Фанфанға сөз салды. Бірақ ер азамат неке жүзігінен бөлек, коллекция жинаушыдан салмағы 33 тонна тас сатып алған. Ол тас метеорит болып табылады-мыс. «Бұл, біздің махаббатымыз берік әрі ғұмырлы болатынын білдіреді», - деді Лю Фэй.