Ыстықкөлде 42 жастағы Қазақстан азаматы қаза тапты

Қазақстандықты катер басып кеткен.

Ыстықкөлде 42 жастағы Қазақстан азаматы қаза тапты
istockphoto.com
1164

Қырғыз еліндегі Ыстықкөлде демалып жүрген 42 жастағы қазақстандықты катер басып, қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz сайты 24.kg порталына сілтеме жасап

Ыстықкөл облысының ІІБ мәліметінше, қайғылы оқиға Қара ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында болған.

Оқиға туралы ақпарат полицияға 15 шілдеде аудандық ауруханадан келіп түскен. Медициналық мекемеге 42 жастағы Балықшы өңірінің тумасы, қазір Қазақстан азаматы жеткізілген. Ол ауыр жарақат алған.

«Факт тіркеліп, тергеуге дейінгі іс-шаралар басталды. Қайықтың иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Су көлігін 18 жастағы жігіт басқарған. 16 шілдеде жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада.

Фактілер бойынша ҚК ҚК-нің 127-бабы "абайсызда өлім келтіру" және 311-бабы "қозғалыс және пайдалану, теміржол, әуе немесе су көлігі қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Серіктес жаңалықтары