Бостандыққа шыққан Қайрат Нұртасты жанкүйерлері қоршап алды (ВИДЕО)

Видеода ығы-жығы халықтан әнші сахнаға әрең көтерілгенін көруге болады.

Бостандыққа шыққан Қайрат Нұртасты жанкүйерлері қоршап алды (ВИДЕО)
скриншот
380

15 тәулік қамаудан босап шыққан әнші Қайрат Нұртас Астанадағы жаңа кәсіптің ашылуына келгенде, сағынған жанкүйерлері оны қоршап алды.

Айта кетейік, ұшақта төбелес шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас шығармашылық жолын жалғастыра бермек.

«Кеше ашылдық. Астана қаласында кәсібіміз жалғасады. Кім қалай еңбек етсе де, абыройымен болсын. Ең бастысы таза қара тер еңбегіңмен адал нанын табу барша жастарға алға қойылған мақсат болсын! Байқуатты болайық!», – деп жазды продюсер Гүлзира Айдарбекова.

Өнер иесінің келетінін білген халық бірден көрсетілген мекенжайға келген. Эстрада жұлдызын сағынған жанкүйерлері бірден оны қоршап, құшақтап алды. Видеода ығы-жығы халықтан әнші сахнаға әрең көтерілгенін көруге болады. 

Серіктес жаңалықтары