517
«Біреудің күнәсін арқалаушылар толып жатыр»: Ерке Есмахан желі қолданушыларын жақсылыққа шақырды
Оның айтуынша, біреудің күнәсін арқалаушылар ғаламторда онсыз да толып жатыр.
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желі оқырмандарын жақсылыққа үгіттеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Кезінде әлеуметтік желідегі «5k» деген ойын түрін адамдарды жақсылыққа шақыру үшін ойлап тапқанмын. Жақсы сөз өзіңе айналып келеді. Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады. Жақсы сөз - жақсы энергия. Жақсы сөз - жарым ырыс. Бір жағынан - аяқ асты несібе. Ал, әркімге жаман сөз жазып, өзінің және біреудің күнәсін арқалаушылар ғаламторда онсыз да толып жатыр», - деп жазды өнер иесі.