Солтүстік Корея жіберген қоқыс толы шарлар Оңтүстік Корея президентінің резиденциясына қонды

Солтүстік және Оңтүстік Корея 1950 жылдардағы Корея соғысынан бері өздерінің үгіт-насихат науқандарында шарларды пайдаланып келеді.

Солтүстік Корея жіберген қоқыс толы шарлар Оңтүстік Корея президентінің резиденциясына қонды
сурет: bbc.com
1289

Солтүстік Корея жіберген қоқыс толы шарлар Оңтүстік Корея астанасы Сеулдегі президент резиденциясына қонды, деп хабарлайды BBC. Бұл – Пхеньянның шар ұшыруға тыйым салынған аймақ саналатын Оңтүстік Корея басшысының кеңсесіне жасаған алғашқы "шабуылы".

Президент қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, шарларды жинау үшін химиялық, биологиялық және радиологиялық қаруға жауап беретін топ жіберілді. Олардың қауіп төндірмейтіні анықталды.

Солтүстік және Оңтүстік Корея 1950 жылдардағы Корея соғысынан бері өздерінің үгіт-насихат науқандарында шарларды пайдаланып келеді. Биылғы мамыр айынан бері Солтүстік Корея шекарадан мыңдаған шар жіберген.

Солтүстік Корея тарапының айтуынша, бұл - Оңтүстік Корея белсенділері жіберген шарларға жауап. Оларда болжам бойынша Пхеньянға қарсы плакаттар, сондай-ақ азық-түлік, дәрі-дәрмек, ақша және K-pop стиліндегі бейнелер мен дорамалар жазылған USB тасымалдағыштар болған.

Серіктес жаңалықтары