Димаштың Чилидегі жанкүйерлері Қазақстан Әнұранын орындады (ВИДЕО)
Қазақстанның Чилидегі Елшісі Болат Нүсупов премьераға қатысып, чилилік жанкүйерлердің бастамасына қолдау көрсетті.
Димаш Құдайбергеннің Чилидегі 17 жанкүйері Қазақстанның әнұранын орындады, деп хабарлады turkystan.kz сайты dimashnews-қа сілтеме жасап.
Әнұранның бейнежазбасы 23 шілдеде Қазақстанның Бразилиядағы елшілігінде өткен арнайы іс-шарада көрсетілді. Қазақстанның Чилидегі Елшісі Болат Нүсупов премьераға қатысып, чилилік жанкүйерлердің бастамасына қолдау көрсетті.
«Біз Димаш пен оның халқына ерекше, шын мәнінде мағыналы нәрсе сыйлағымыз келді. Соның негізінде, біз Қазақстанның әнұранын таңдадық», – деп бөлісті жоба қатысушылары.
Бұл жобада әнұранды 17 қатысушы шырқады. Олардың көпшілігі бұрын соңды қазақ тілінде сөйлеп те көрмеген, тіпті бірде-бір сөз білмеген. Дегенмен, қазақстандық достар Әйгерім Бейсеулова, Шарапия Какимова және Әнуар Теміровтың табанды тәжірибесі мен қолдауының арқасында олар мәтінді тез жаттап, әнұранды өз дәрежесінде орындай алды.
«Бұл жобаны қабылдаған жанкүйерлерімізге алғысым мен ризашылығымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олар шабыттың қайнар көзі Димаш пен оның тума таланты болса, ешқандай кедергі жоқ екенін тағы да бір дәлелдеді. Бұл жұмысқа біз бүкіл махаббатымызды арнадық», – деп атап өтті жобаға қатысушылардың бірі.