757
«Алланың аты жазылып тұр»: Жігер Ауыпбаев бейнебаян түсірілімі кезінде аспандағы ерекше құбылысты байқады
Әнші Шарын шатқалында әндерінің біріне бейнебаян түсіріп жатқан.
Жігер Ауыпбаев түсірілім кезінде аспандағы бұлтты Алланың есімі жазылған араб тіліндегі сөзге ұқсатқан, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл бейнебаян бұрынғыдан ерекше болайын деп тұр… Жаңа бейнебаян түсірілімі кезінде осындай керемет құбылыс болды. Аспандағы бұлт Алла деген жазуды бейнелеп тұрды. Алланың аты жазылып тұр. Ешкімге үндемей бірер минуттай қарап тұрып, шыдай алмай видеоға түсіріп алдым. Бұл сәл бұлттың тарқаған кезі ғой. 1-2 минут бұрын бұдан да анық жазылып тұрған еді», - деді әнші.