Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 26 шілдеге арналған ауа райы олжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Ал республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарында, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Павлодар облысында қатты ыстық болады.
Алматы облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Жамбыл облысының батысында күн қатты ысиды.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атыраудың оңтүстігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағандының солтүстік-батысында, Жамбылдың оңтүстік-шығысында, батысында, Алматының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстауда, Атыраудың шығыс бөлігінде, Қостанайдың оңтүстігінде, Түркістанның шөлді аймақтарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.