625
Төреғали Төреәлі өз атымен аталатын шұжықты көшеде тегін таратты
Әнші адамдарды дұрыс армандай білуге шақырды.
Төреғали Төреәлі өз атымен аталатын шұжықты көшеде тегін таратып, әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеді.
Мектебімнің асханасы тегін тамақ тарататын кезде мен де тағатсыздана күтетінмін. Сонда мен де өскенде айналама ас беруді армандайтынмын. Шіркін, уақыт өте, бала күнімнен келе жатқан армандарымның орындалып жатқанын да білмей қалыппын. Төреш шұжығын қолдан келгенше елге таратып жатқаным да осы күндердің дәнегі болар, – деп жазды ол.
Әнші адамдарды дұрыс армандай білуге шақырды.
Армандауға болады екен, ағайын. Мектебім осы армандарыммен маған қатты ыстық. Оқушы Төрештің “мектеп сахнасындағы маған бүкіл Қазақстан қарап тұр” деп өнер көрсеткенін де өзінен басқа ешкім біле бермейді, – деді әнші.