Ресейде қияр қытырлатудан әлем чемпионаты өтті

Турнирге 13 елден 40 адам қатысты.

Ресейде қияр қытырлатудан әлем чемпионаты өтті
сурет: teleport2001.ru
910

Ресейде қияр қытырлатудан әлем чемпионаты өтті. Сайыста Египеттен келген Ахмед Салах қиярды 70,9 дБ-ге дейін қытырлатып жеңіске жетті, деп хабарлайды interfax-russia.ru.

Турнирге 13 елден 40 адам қатысты. Жарыс шарты бойынша қатысушылар Истобенский қиярын мүмкіндігінше қатты қытырлатуы керек болды, ал дыбысын арнайы өлшеуіш микрофон тіркеді.

Облыстық заң шығару жиналысының төрағасы Роман Береснев жеңімпазға "Истобенский қияры" символикасы бар дизайнерлік коллекция табағын табыс етті.

"Истобенский қияры" мерекесі аясында әлемдік қияр қытырлату чемпионаты алғаш рет өтіп отыр.

Жарысқа Ресейден басқа Бангладеш, Танзания, Египет, Йемен, Үндістан, Қытай, Сенегал, Сирия, Судан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері де қатысты. 40 қатысушының ішінен 16-сы іріктеу кезеңінен негізгі кезеңге өткен.

Серіктес жаңалықтары