952
Венесуэлада президент сайлауының қорытындысы шықты
Оппозиция нәтижелерді мойындаудан бас тартып, оларды жалған деп атады.
Венесуэланың Орталық сайлау комиссиясы қазіргі мемлекет басшысы Николас Мадуроны елдегі президент сайлауының жеңімпазы деп жариялады. Осылайша, ол өзінің қызметін үшінші мерзімге жалғастыратын болады. Бұл туралы euronews.com жазды.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, ол 51%-дан астам дауыс жинаған.
Оппозициялық кандидат Эдмундо Гонсалес 44% дауыс алды. Оппозиция нәтижелерді мойындаудан бас тартып, оларды жалған деп атап, шынайы нәтижелер бойынша Гонсалес шамамен 70% дауыс жинады деп мәлімдеді.
Кейбір алдын ала сауалнамалар да венесуэлалықтардың көпшілігі Николас Мадуроның қызметін аяқтағанын қалайтынын көрсеткен.