Жан түршігерлік оқиға: Ұлыбританияда би сабағында 2 бала қаза тауып, 11 адам жараланды

Куәгерлер балалардың айқайын естіп, олардың қанға боялғанын көргенін айтты.

Жан түршігерлік оқиға: Ұлыбританияда би сабағында 2 бала қаза тауып, 11 адам жараланды
сурет: James Speakman/AP
1402

Ұлыбританияда Ливерпуль маңындағы Саутпорт қаласында Тейлор Свифтке арналған би сабағында 2 бала қайтыс болып, тағы 11 адам жарақат алды, деп жазды euronews.com.

Ақпаратқа сүйенсек, балаларға біреу пышақпен шабуыл жасаған.

Полиция 17 жастағы жігітті екі адамды өлтірді және өлтіруге оқталды деген күдікпен тұтқындады. Полицияның мәліметінше, күдікті осы оқиға болған жерден шамамен 8 шақырым жерде орналасқан ауылда тұрған. Ол Кардифф қаласынан, Уэльс тумасы болған. Шабуыл себебі әлі анықталмады, бірақ полиция қызметкерлері бұл оқиғаны терроризммен байланысты емес деп мәлімдеді.

Шабуыл салдарынан тоғыз бала зардап шекті, алтауы ауыр халде жатыр. Оқушыларды қорғауға тырысқан екі ересек адам да ауыр жағдайда екені хабарланды.

Куәгерлер балалардың айқайын естіп, олардың қанға боялғанын көргенін айтты.

Премьер-министр Кейр Стармер шабуылды "қорқынышты және жан түршіктірерлік" деп бағалады. Король Чарльз "сұмдық оқиғаның қабырғасын қайыстырғанын" айтты.

Райан Карни анасының құтқарушылардың балаларды қанға боялған күйінде тасып жатқанын көргенін айтты. Анасы балалардың арқаларында пышақ жарақаттары болғанын көргенін жеткізді. "Мұндай жағдайлар мұнда болмайтын сияқты көрінеді," - деді ол. "Сіз мұндай оқиғалар туралы үлкен қалаларда, Манчестерлерде, Лондондарда естисіз. Бұл шуақты Саутпорт қой. Адамдар оны солай атайды. Күн жарқырап тұр. Бұл әдемі жер."

Серіктес жаңалықтары