«Мен саған разымын»: Дәулет Мұқаев анасының соңғы сөзін жеткізді (ВИДЕО)

Халық қалаулысы әлеуметтік желідегі парақшасында анасы жайлы жазба жариялады.

«Мен саған разымын»: Дәулет Мұқаев анасының соңғы сөзін жеткізді (ВИДЕО)
808

Депутат Дәулет Мұқаев анасын соңғы сапарға шығарып салуға келген адамдардың алдында сөз сөйледі, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін анамызды соңғы сапарға шығарып салдық. Бұл сөздерді жыламай айту оңай соқпады. Бірақ анамның маған айтқан соңғы сөздері құлағымда тұрды: «Балам, жылама. Жыласаң ауырып қаласың. Сен мықты бол. Аллаға мың да бір шүкір. Мен саған разымын...». Маған тағы бір күш берген нәрсе - анамның соңғы демі шығарда Кәлиманы айтып, таң намазы кіргенде мәңгілік мекенге аттануы. Жаныңыз жәннатта болсын, жан анам! Тірісінде ананы бағалаңыздар, аялаңыздар, сыйлаңыздар. Тірісінде разылығын алыңыздар! Ешкім мәңгілік емес...», - деп жазды Д. Мұқаев.

Серіктес жаңалықтары