Өзбекстан қазағы Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Бұған дейін Қытай атынан сынға түсіп жүрген Тоқтарбек Таңатқан жеңіліп қалған болатын.

Өзбекстан қазағы Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады
©olamsport.com
863

Өзбекстан құрамасының боксшысы Руслан Абдуллаев Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады.

63,5 келіде жұдырықтасатын қандасымыз ширек финалда Панамерика ойындарының чемпионы, канадалық Уайатт Сэнфордтан жеңіліп қалды. Осылайша, канадалық жартылай финалға өтті. Ол онда жеңіліп қалса да, қола жүлдені иеленеді. 

Руслан Абдуллаев – 2022 жылғы Азия чемпионы. 2023 жылы әлем чемпионы атанған болатын.

Серіктес жаңалықтары