825
Таиландта 57 жастағы қазақстандық көз жұмды
Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін мәлім етті.
Пхукетке демалуға келген 57 жастағы қазақстандық демалысының бірінші күні суға батып, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Tengri Travel-ге сілтеме жасап.
Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін мәлім етті.
Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам - қазақстандық екенін растады. Әзірге қосымша ақпарат жоқ.