Орта жастағы қытайлықтар күйзелістен қашу үшін қарттар үйіне кетіп жатыр

Бұл үрдіс елде трендке айналуда.

Орта жастағы қытайлықтар күйзелістен қашу үшін қарттар үйіне кетіп жатыр
сурет: istockphoto.com
777

Орта жастағы қытайлықтар көп жұмыстан күйзеліп, қарттар үйіне кетіп жатыр. Бұл үрдіс елде трендке айналуда, деп жазды asiaone.com.

People's Daily газетіне берген сұхбатында Яң есімді қытай азаматы жұмыстан қатты қажыған соң ауруханада бір ай жатып, өмірін қайта бастауға кіріскенін айтады.

Тыныш және жайлы жерде баяу өмір сүру үшін ол қарттар үйінде тұруды шешкен.

People's Daily газетіне берген сұхбатында ол Пекинде 11 жыл жұмыс істегенін, туған қаласынан және отбасынан алыс болғанын айтқан. Ұзақ жұмыс оның денсаулығына кері әсерін тигізген.

Қытайлық The Cover басылымының хабарлауынша, ауруханадан шыққаннан кейін жинаған қаражатын жоғалтқанына қарамастан, 2 000 юань тұратын төлем оған қарттар үйінде бір ай бойы бөлме мен тамақтануға жеткілікті болған.

 

Серіктес жаңалықтары