Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Назым жартылай финалда қытайлық Ву Юдан айласын асыра алмады. Осылайша, ол қола жүлдені місе тұтты.
Ву Ю – әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы. Назым Қызайбай – екі дүркін әлем чемпионы.
Ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.