753
30-дан астам дүмпу тіркелді: АҚШ-та жер сілкінді
Жер сілкінісі Лос-Анджелес (Калифорния) маңында тіркелген.
Калифорнияда 5,2 баллдық жаңа жер сілкінісі болды. Сондай-ақ 30-дан астам афтершок тіркелді, деп хабарлады АҚШ Геологиялық қызметі.
Жер сілкінісі Лос-Анджелес (Калифорния) маңында тіркелген. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне сүйенсек, дүмпудің эпицентрі 373 мың адам тұратын Бейкерсфилд қаласынан оңтүстікке қарай 28 км және 20,8 мың халқы бар Арвин қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде болған.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.