Желіде танымал болғысы келген жүргізуші айыппұл арқалады

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында заң бұзушылықтарды анықтады.

Желіде танымал болғысы келген жүргізуші айыппұл арқалады
397

Көлік иесі әлеуметтік желідегі көрсетілімді көбейтіп, танымалдығын арттыру мақсатында түрлі қитұрқылықтар жасап, жол жүру ережелерін бұзған, деп хабарлады turkystan.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған.

Құқық бұзушы LEXUS IS-F маркалы автокөлігінің жүргізушісіне әкімшілік хаттамалар толтырылып, барлығы 147 680 теңге көлемінде айыппұл салынды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары