524
Ақбота Керімбекова жастық шағындағы видеосын көрсетті
Әнші өткен күндерге ойша оралып, жастық шағын аңсайтынын айтты.
Танымал өнер адамы Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде жастық шағындағы видеосын жариялап, қызық сәтін еске алды, деп хабарлады turkystan.kz.
"Бүгін оқырманымыздан сонау 90-шы жылдары "Тамашаға" түсірілген бейнетаспа келді. Қанша жыл бұрынғы видео болса да, әлі ыстық. Бұл жерде мен А.Тілегеновтің "Қарағым-ай" деп аталатын, кезінде жақсы таралған, жақсы тыңдалған әнін орындап отырмын. Бәрінен бұрын жастықты айтсаңызшы, жастықтың өзі де, үні де сұлу ғой. Айболатов Дастан есімді бауырымызға зор алғыс! Өзі өнер жұлдыздарының естеліктерін, ең қымбат жастық шағын жинақтауды хоббиі еткен жігіт екен, ютуб каналында көөөп қызықтар бар. Аман болсын ініміз", - деп жазды әнші.