591
"Олимпиада алтынын сыйлағым келді" – Демеу Жадыраев
Демеу Жадыраев – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған балуан Демеу Жадыраев төртжылдықтың басты додасында тас-түйін дайындықпен келгенін айтады.
"Дайындығым жоғары деңгейде болды. Финалда ұтылған соң соң өкініш болады екен. Бірақ бұйырғаны – осы. Финалда жауапкершілік жоғары сезіндім. Оған дейін олай сезінбеп едім. Финалға шыққан кезде жауапкершілік басым болып кетті. Сондықтан жауапкершілік жеңіп кетті. Әйтпесе жоғары деңгейде дайын болдым. Ол белдесуді қайта көрдім керек. Алтын сыйлағым-ақ келген. Күміске қол создық. Күміс құтты болсын! Қолдағандарыңызға рахмет!", – дейді балуан.
Еске сала кетейік, 77 келіде белдескен 34 жастағы Демеу Жадыраев Олимпиаданың финалында жапон балуаны Нао Кусакадан 5:2 есебімен жеңіліп қалып, күміс жүлдені місе тұтты.