Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем берілетіні рас па?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем берілетіні рас па?
626

Қазақстанда барлық азаматтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынып жатыр, деп жазды turkystan.kz.

"Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуін сұраймыз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз",  - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары