502
Атбасар қаласында ер адам балаларды шыбықпен аяусыз ұрған (ВИДЕО)
Ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады.
Ақмола облысындағы Атбасар қаласында ер адам балаларды көлігінен шығарып, шыбықпен аяусыз ұрып жатқаны көрсетілген видео тарады.
Кадрларда ер адам алдымен көлігін тоқтатады. Кейін терек бұталарын жұлып алып, көлігінен балаларды шығарып әрбірін ұра бастаған. Балалардың жағдайы туралы ақпарат жоқ.
Ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады.
«Бұл факт Атбасар аумағында орын алды. Полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 109-бабы «Ұрып-соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бйнежазбадағы адамды анықтау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде», – делінген хабарламада.