Ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алды

Спортшы биыл Қазақстанның жазғы чемпионатына қатысып, бірінші орын алған. Бұл нәтиже оны ұлттық құрамаға мүшелікке алуға негіз болған.

Ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алды
prosports.kz
662

17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Ресейде салынған санкцияларға байланысты азаматтық ауыстырып, Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына ресми түрде қосылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Спортшы биыл Қазақстанның жазғы чемпионатына қатысып, бірінші орын алған. Бұл нәтиже оны ұлттық құрамаға мүшелікке алуға негіз болған.

«Софья Самоделкина Қазақстанның жазғы чемпионатында көрсеткен нәтижесіне байланысты Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің бұйрығымен Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына қосылды», - делінген Қазақстан мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Эльмира Тұрғанованың берген ақпаратында.

Ал, ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасенова Софья Самоделкинаның 18-21 қыркүйек аралығында Түркияда өтетін жасөспірімдер Гран-приіне қатысатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары