Ұшақ апаты: Бразилияда үш күндік аза тұту күні жарияланды

Мәлімет бойынша, ұшақта 61 адам болған

Ұшақ апаты: Бразилияда үш күндік аза тұту күні жарияланды
TV Globo
919

Бразилияның Сан-Паулу штатында 57 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі бар ұшақ апатқа ұшырады.

Мәлімет бойынша, ұшақта 61 адам болған. Жергілікті билік жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы тірі қалмағанын хабарлады.

Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва қайғылы оқиға туралы жаңалық белгілі болған кезде өзі сөз сөйлеген шарада бір минут үнсіздік жариялады.

Кейін ол қаза тапқандар үшін елде үш күндік аза тұту жариялады.

Серіктес жаңалықтары