Әблязовтың ісі бойынша сот тыңдауы Алматыда 17 наурызда басталады

Әблязовтың ісі бойынша сот тыңдауы Алматыда 17 наурызда басталады

Әблязовтың ісі бойынша сот тыңдауы Алматыда 17 наурызда басталады
ашық дереккөзі
216
Қашып жүрген олигарх Мұхтар Әблязовқа және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істің алдын ала сот тыңдауы 17 наурызға жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтетін сот тыңдауы 10.00-де басталады. Фигуранттар қылмыс жасау үшін қылмыстық ұйым құрды және ұйымдастырды, бөтеннің мүлкін иемденді және жаратты, заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастырды, банк қаражатын заңсыз қолданды және өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып отыр. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 1, 557 триллион теңге шығын келген.  Әблязовқа қылмыстық топ құрып, оған басшылық етті, БТА Банкінің қаражатын жымқырды және жекешелендірді, банк қаражатын заңсыз қолданды және қызметтік өкілін асыра пайдаланды деген күдік келіп отыр. Істе 2 224 том бар, айыптау тізімінде 205 куәгер бар. Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені дәлелденген хабарлаған еді. "Тергеуден жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені, Қазақстан азаматтарының жеке жинағы екені және шетелдік қаржы институттарының қарызы екені нақтылы анықталды", - делінген Ұлттық бюроның хабарламасында. Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған болатын. "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген еді ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары