Париж-2024: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде нешінші орында тұр

Парижде өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары бүгін мәресіне жетеді

Париж-2024: Қазақстан жалпы медальдар кестесінде нешінші орында тұр
olympics.com
663

Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде төмен сырғып барады.

Атап айтқанда, әзірге Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте 41-орынға тұрақтады.

Ал үздік үштікке Қытай құрамасы (39 алтын, 27 күміс, 24 қола), АҚШ құрамасы (38 алтын, 42 күміс, 42 қола), Аустралия құрамасы (18 алтын, 18 күміс, 14 қола) кіреді.

Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары бүгін, 11 тамызда мәресіне жетеді.

Серіктес жаңалықтары