Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер алып шығады

Ойындардың жабылу шарасында ел туын ерлерден таеквондошы Батырхан Төлеуғали мен әйелдер арасында көркем гимнастикадан ел намысын қорғаған Эльжана Таниева алып шығады

Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер алып шығады
istockphoto.com
592

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімінде Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды.

Атап айтқанда, ойындардың жабылу шарасында ел туын ерлерден таеквондошы Батырхан Төлеуғали мен әйелдер арасында көркем гимнастикадан ел намысын қорғаған Эльжана Таниева алып шығады.

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали Парижде 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл - тұңғыш Олимпиадасы.

Ал Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында төрт жаттығудың қорытындысы бойынша финалға өте алмаған еді. Ол төрт жаттығудың нәтижесі бойынша 126.600 ұпай жинады.

Серіктес жаңалықтары