370
Полицейлер алты жеңгетайды ұстады
Полицейлер алты жеңгетайды ұстады
Алматы облысында үш күнде алты жеңгетай қолға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД өкілдерінің мәліметі бойынша, наурыздың 13 мен 15 аралығы "Стоп-трафик" шарасы өткізіліп, полицейлер сауналар мен қонақүйлерді тексерген. "Ресми құжаттар бойынша, ұсталғандар сауналар мен қонақүй әкімшілері ретінде тіркелген. Алайда олардың жеңгетайлықпен айналысатыны анықталды. Қазір олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр", - дейді полицейлер. Бұл деректер Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары, облыс орталығы мен Жаркент қаласында анықталды. "Күдіктілер қатарында бес әйел мен бір ер адам. Олардың кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркілене отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - дейді ІІД өкілдері.