"Отырсаң – опақ, тұрсаң – сопақсың": Ерке Есмахан халыққа ештеңе жақпайтынын айтып мұңын шақты

Ол Олимпиадада жүлде алып, ел даңқын асырған спортшылардың өзінен мін табатынымызды айтып, орынсыз сын көп екенін жеткізді.

"Отырсаң – опақ, тұрсаң – сопақсың": Ерке Есмахан халыққа ештеңе жақпайтынын айтып мұңын шақты
сурет: instagram/erke_esmahan
403

Танымал эстрада әншісі Ерке Есмахан әлеуметтік желіде халық сыны туралы ойын айтты. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. 

“Қазір отырсаң – опақ, тұрсаң – сопақсың. Неге қасында, неге артында деп кез келген нәрсені іліп кете береді екен. Бұл елге алтын әкеліп, елдің атын шығарып әнұранды шырқатсаң да жақпайсың", – деп жазды ол. 

Сонымен қатар, тіпті Олимпиадада жүлде алып, ел даңқын асырған спортшылардың өзінен мін табатынымызды айтып, орынсыз сын көп екенін жеткізді.

“Айтарым, хейтке немесе біреудің сөзіне бір тал жүйке талшығын құртуға болмайды. Өз қалауыңмен, өз рахатыңа өмір сүр. Анау-мынау сөзден аса алмай жүрген жандар болса, міне, сіздерге үлкен сабақ. Сөз ешқашан бітпейді!" – деді әнші.  

 

 

Серіктес жаңалықтары