"Арасында Лондон Паралимпиадасының чемпионы бар": Паралимпиадада суда жүзуден Қазақстан намысын қорғайтын төрттік белгілі болды

Парижде 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиада ойындары өтеді

"Арасында Лондон Паралимпиадасының чемпионы бар": Паралимпиадада суда жүзуден Қазақстан намысын қорғайтын төрттік белгілі болды
csp_parasport.kz
660

Паралимпиада ойындарында суда жүзуден ел намысын қорғайтын атлеттердің есімі белгілі болды.

Олар – Зульфия Ғабидуллина, Нұрдәулет Жұмағали, Сиязбек Дәлиев пен Әмір Мұратбеков.

Аталған спортшылар – талай байрақты бәсекеде топ жарып, жүлдеден жүлде қоймаған қарымды алтеттер. Зульфия Ғабидуллина 2016 жылы Лондонда өткен Паралимпиада ойындарында жеңімпаз атанған. Ал Нұрдәулет Жұмағали 2020 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері. Сиязбек Дәлиев 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленсе, Әмір Мұратбеков – әлем кубогі кезеңінің күміс жүлдегері.

Серіктес жаңалықтары