253
2016 жылы әйелдер жасаған қылмыс саны белгілі болды
2016 жылы әйелдер жасаған қылмыс саны белгілі болды
Қазақстанда 2016 жылы әйелдерге қатысты 124 мың 298 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сайтында айтылады. Комитеттің мәліметінше, әйелдерге қатысты тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны - 124 298. Олардың - 12 531-і ауыр емес, 98 384-і - орташа ауыр, 5870-і - ауыр, ал 476-сі аса ауыр қылмыс түрлері. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде әйелдерге қатысты 216 кісі өлтіру дерегі тіркелген. Сондай-ақ, жасалған қылмыстардың 12-сі - абайсызда кісі өлтіру; 197-сі - өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу; 290-ы - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; 1244-і - денсаулыққа орташа ауыр зиян келтіру; 421-і - қоқан-лоқы көрсету; 15-і - иммунтапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру; 17-сі - адам өміріне қауіп төндіру; 1606-сы - зорлау деректері; 299-ы - сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттер; 448-і - 16 жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық мәндегі әрекеттер; 128-і - кәмелетке толмағандарды азғындау; 38-і - адам ұрлау; 75-і - заңсыз түрде бостандыққа шығару; 2-і - психиатрлық стационарға заңсыз орналастыру; 13-і - адам саудасымен айналысқандар. Комитеттегілердің мәліметінше, аналардың жаңа туған сәбиін өлтіруіне қатысты 7 кісі өлтіру дерегі тіркелген. Сондай-ақ, отбасыға және кәмелетке толмағандарға жасалған 501 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Олардың 7-і - кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу , 5-і - кәмелетке толмағандарды саудаға салу, 465-і - балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата- аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден əдейi жалтару.