Президенттің Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі кейінге шегерілді

15 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама мүшелерімен кездесу керек болған.

Президенттің Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі кейінге шегерілді
Akorda
600

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олимпиадаға барған спортшылар мен бапкерлермен кездесуі кейінге шегерілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Берік Уәлидің айтуынша, 15 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрама мүшелерімен кездесу керек болған.

«Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз. Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр», - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, 14 тамызда Тоқаев Париж қаласында өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Ұлттық құраманың бір топ спортшысы мен бапкері мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын. 

Серіктес жаңалықтары