«Анасы шағым жазудан бас тартты»: Павлодар тұрғыны 6 жастағы қызын ұрып-соққан

Анасы шағым жазбағанына қарамастан, қыздың әкесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2 тамызда материал сотқа жіберілді.

«Анасы шағым жазудан бас тартты»: Павлодар тұрғыны 6 жастағы қызын ұрып-соққан
скриншот
489

Павлодарда алты жастағы қызын басынан тоқпақтап ұрған ер адамның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакеневаның айтуынша, куәгерлер ер адамның мас болғанын айтқан.

«Көрсетілген мекенжайға бала тіркелген қорғаншылық органдары мен мектеп қызметкерлері бірден шақырылды. Талқылау барысында заңды өкіл – ана жұбайына қатысты шағым жазудан және одан әрі талқылаудан бас тартты. Әкесінен алкоголь ішкені анықталған жоқ», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Анасы шағым жазбағанына қарамастан, қыздың әкесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2 тамызда материал сотқа жіберілді.

«Кәмелетке толмаған қыздың қауіпсіздігі мақсатында 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылды. Қыздыі әкесі профилактикалық есепке алынды», - деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары