Сәуле Алпысова: Азаматтық қоғамда адам құқығына шектеу болмауға тиіс

Community Media Hub қоғамдық ұйымының директоры Сәу­­ле Алпысовадан еліміздегі азаматтық қоғамның жай-күйі ту­ра­лы сұраған болатынбыз.

Сәуле Алпысова: Азаматтық қоғамда адам құқығына шектеу болмауға тиіс
888

Дамыған елдердің қайсысын мысалға алсақ та, азаматтық қоғам ешқашан бірден орнамағанын тарихтан білеміз. 
Қа­зақ­стан жоспарлы экономикалық саясаттан нарықтық қо­ғамға қадам басқан тұста азаматтық қоғамның дамуына үлес қо­сатын институттар назардан тыс қалды. Тек осыдан 20 жыл бұрын ғана үкіметтік емес ұйымдардың тамырына қан жүгіріп, бүгінде жұмысы жандана бастады. Алайда халық ара­­сында әлі күнге дейін азаматтық қоғам, үкіметтік емес ұйым­­дар туралы түсінік әлі қалыптаспай отыр. Осы ретте Community Media Hub қоғамдық ұйымының директоры Сәу­­ле Алпысовадан еліміздегі азаматтық қоғамның жай-күйі ту­ра­лы сұраған болатынбыз.  

– Қазақстандағы азаматтық қоғамның қазіргі жағдайына қандай баға бересіз?

– Бүгінде елімізде азаматтық қоғам толықтай қалыптасты деп айта алмаймыз. Егер азаматты қоғамды түрлі топтар мен олардың құқықтарын, мүдделерін білдіретін және оны іске асыратын, сондай-ақ мемлекеттен дербес әрекет ететін қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың жиынтығы ретінде қарайтын болсақ, онда қазір Қазақстанда азаматтық мемлекеттік емес сектор қалыптасты. Аталған сектор – белсенді қоғамдық ұйымдардың институты.  Бүгінде ҮЕҰ айтарлықтай кең ауқымды әлеуметтік маңызды қызметтерді атқарады, тақырыптары мен бағыттары да айқын. Осыған байланысты олар қазақстандық қоғамды дамытудың түрлі өзекті мәселелерін шешуге елеулі үлес қоса отырып, қоғамдық маңызы бар барлық саланы қамтиды. Сонымен қатар азаматтық қоғамды ҮЕҰ-ның қызмет саласына жатқызу дұрыс емес. Біз азаматтық қоғам инс­титут­та­ры­ның жұмысына қазақстандықтар белсенді қа­тысады, азаматтық секторда жұмыс істей­тін азаматтар саны артып отыр және халық арасында азаматтық қоғам институттарына се­нім жоғары деп айта алмаймыз. Яғни, елі­міздің азаматтары ҮЕҰ-лар жұмысынан бей­ха­бар, немен айналысатынын біле бермейді. Оның үстіне ҮЕҰ-лар саны мен сапасы бір-бірі­не сай келмейді. Бүгінде Қазақстанда 22 240 ҮЕҰ тіркелген, оның тек 5 000-ы ғана өз қыз­меті туралы есеп беріп отырады екен. 
Жалпы, азаматтық қоғамның дамуы не­месе жай-күйі туралы айтатын болсақ, адам бар­лық қатынас пен процестің басты әре­кет етуші тұлғасы және субъектісі ретінде оның құқықтарының, қажеттіліктерінің, мүд­делері мен құндылықтарының барлық жүйе­сімен әрекет етеді. Мұндай жағдайда қо­ғамның жай-күйi мен дамуы үшiн ең жо­ғары жауапкершiлiк азаматтардың өзiне жүк­теледi. Алайда халық арасында инер­ция­лық, патернализм көңіл күйі басым. Бірінші топ өз аумағындағы түрлі мәселелерді бір­ле­сіп шешуден бастап ел басқару процесіне дейін араласпайды, немқұрайлылық та­ны­та­ды. Екiншi топ адамдардың дербестiгiн шек­тей отырып, олардың өмiріндегі барлық мә­се­лені  мемлекет пен оның құрылымы шешуі ке­рек деп санайды. 
Азаматтық қоғам дегеніміз – өзiн-өзi ұйым­дастыру мен өзiн-өзi реттеу негiзiнде жә­не мемлекеттiң тiкелей бақылауынсыз iске асы­рылатын саяси, экономикалық, мәдени, эт­никалық, дiни және өзге де қатынастардың жиын­тығы. Алайда объективтi факторларға бай­ланысты қоғам өмiрiнiң әртүрлi сала­сын­дағы мемлекеттiң рөлін жоққа шығара ал­маймыз. Ал өзін-өзі ұйымдастыру мен реттеу, әсіре­се ауылдық жерлерде көбірек жүзеге асып жатады. Өйткені ауылдағы адамдардың ауыз­біршілігі сақталған, ақсақалдар кеңесінде жас­тар үлкендерді тыңдай біледі. 
Дегенмен посткеңестік елдердің барлы­ғын­да дерлік азаматтық қоғамды аза­мат­тар­дың саяси емес мүдделерін білдіретін ҮЕҰ-лар қызметі деп түсінеді. Қазақстанның азамат­тық секторы тәуелсіздік жылдары айтар­лық­тай өсті, әлеуметтік институт және саяси күш ре­тінде нығайды. Мемлекет пен ҮЕҰ тара­пы­нан азаматтық белсенділікті қолдау және да­­мыту тұрғысынан үлкен жұмыстар атқа­рыл­ды.
Осы міндетті іске асыру шеңберінде елде волонтерлікті жүйелі дамыту жолға қойылды. Бір­неше жылдан бері еріктілердің ұлттық же­лісі, «жедел желілер» жұмыс істейді, Ерік­ті­лер туралы заң енгізілді, «Біргеміз» рес­пуб­ли­калық фронт-офисі құрылды, Qazvolunteer.kz онлайн-платформасы іске қосылды.  Бар­лық өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқықтық сауаттылықты арт­тыру бойынша «Адалдық алаңы» консуль­тациялық құқықтық платформалары жұмыс істейді, гендерлік ұйымдардың дағдарыс ор­талықтары жанындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша жедел желілер ұйымдастырылған, елдің мем­лекеттік және квазимемлекеттік секторының ашықтығына тікелей әсер ететін қоғамдық бақылау енгізілген.
Осының барлығын ескере отырып, Қазақстанда азаматтық қоғам бар, қа­лып­тасып келе жатыр деп айта аламыз. Алай­да оның дамуы әзірге баяу, сондықтан қо­ғамда азаматтық қоғам институттарының ық­палы да төмен. Азаматтық белсенділікті арт­тырудың, әртүрлі деңгейдегі өзекті мін­дет­тер мен мәселелерді талқылаудың тетік­тері жеткіліксіз. Сондықтан қоғамдық өмір­де­гі мүдделерді іске асыруға мүмкіндігінше көп адамның қызығушылық танытуы маңыз­ды.    

– Елімізде қоғамдық ұйымдар мен мем­­лекеттік органдар арасындағы қа­рым-қатынас қалай дамып келеді?

– Бүгінде мемлекет азаматтық қоғам инс­титуттарын дамытуға неғұрлым белсендi ат­са­лысып отыр. Соңғы 5-7 жылда Қазақ­стан­да мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның өзара бай­ланысы едәуір нығайды. ҮЕҰ-лар мен мем­лекеттік органдар арасындағы ынты­мақ­тастықтың негізгі белгісі – әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесе іске асыру. Мәселен, гранттық қаржыландыру – азаматтық қоғам институттарын қаржылық қолдаудың құра­лы. ҮЕҰ қолдау үшін «Азаматтық бастама­лар­ды қолдау орталығы» КЕАҚ атынан бірыңғай оператор құрылды. Қаржыландыру көлемі де жыл сайын ұлғайып келеді.
Президенттің Жарлығымен ұзақмерзімді перс­пективада азаматтық секторды дамы­ту­дың негізгі бағыттарын айқындайтын жаңа стра­тегиялық құжат – азаматтық қоғамды да­мыту тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат аза­маттық қоғам мен билік органдарының өза­ра іс-қимылындағы негізгі міндеттер мен ба­сымдықтарды айқындайды. Тұжырым­да­мада азаматтық сектор қызметін транс­фор­ма­­­циялаудың жаңа тәсілдері көзделген. Сон­дай-ақ азаматтық қоғамды және оның инс­титуттарын дамытуға баса назар ауда­ры­лып отыр. 
Бүгінде мемлекет пен ҮЕҰ-ның өзара бай­ла­нысын көрсететін мысалдарға қоғамдық кеңес­тер, диалог алаңдары, азаматтық форум­дар жатады. Тұтастай алғанда, Тұжырымдама нәтижесінде қазақстандықтар азаматтық қоғам институттарының жұмысына белсенді ара­ласып, азаматтық секторда жұмыс iстей­тiн­дер саны ұлғайып, әртүрлi әлеуметтiк топ­тар тарапынан азаматтық қоғам инсти­тут­тарына сенiм артады деп күтілуде. Алға қойыл­ған міндеттерді сапалы іске асыру аза­­­­маттық қоғамды дамудың жаңа деңгейіне шығаруға және сындарлы диалогқа мүмкіндік беретіні сөзсіз.

– Қазақстанда азаматтық қоғамның да­муын қолдау үшін қандай шаралар қа­былдануда?

– Бүгінде елімізде ҮЕҰ өкілдері үшін жүйе­лі мамандандырылған білім мен білік­ті­лікті арттыру бағдарламалары жоқ. Сонымен қа­тар ҮЕҰ-ның бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру, ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті да­мыту мәселелері маңызды. Осыған байла­ныс­ты 3 жылдан бері «ҮЕҰ академиясы» жо­ба­сы жұмыс істеп келеді, оның мақсаты – ҮЕҰ қыз­метін кәсібилендіру. Бұл Қазақстанның ҮЕҰ басшылары үшін қажетті құқықтық және бас­қарушылық білімнің жүйеленген курсы. Яғ­ни, бүгінде ҮЕҰ өкілдерін қашықтан оқы­туды ұйымдастыру, сондай-ақ қоғамдық бір­­­лестіктердің кәсіби дағдыларын дамыту үшін қазақстандық білім беру платформасы сәтті жүзеге асырылып жатыр.  
Бұдан басқа, азаматтарды қоғамдық өмір­ге тарту, қазақстандықтардың бастамаларын қол­дау және ілгерілету үшін Қазақстанның бар­лық өңірінде Азаматтық орталықтар құ­рыл­ды. Бұл орталықтар өз жобалары мен стар­­­­таптарын іске асыруға қатысу үшін аза­мат­тарға құқықтық және білім беру бойынша кө­мек көрсетеді. 
Дегенмен азаматтық қоғам әлі де болса тұ­рақ­тылықты арттыру, оны кәсібилендіру, көр­сетілетін қызметтердің сапасын арттыру, же­ке және әлеуметтік жауапкершілік мәсе­ле­лерін пысықтауға тиіс.
Сондай-ақ Азаматтық сектор ұйымдары өңір­лер бойынша біркелкі бөлінбеген, сон­дықтан ақпараттық және қаржылық ре­сурс­тарға бірдей қол жеткізе алмайды. Мемлекет та­рапынан қабылданып жатқан шараларға қа­ра­мастан, азаматтық сектор институт­та­ры­ның алдында отандық және халықаралық қор­ларды қолдау, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу маңызды болып отыр. Сондай-ақ азаматтық қоғамның коммерциялық емес ұйымдарының қызметін фандрайзинг және монетизациялау құралдарын игеру мәселелері де өзекті. 

– Қазақстандағы азаматтық қоғам­ның әлеуметтік және саяси процестерге әсері қандай?

– Әлемдегі ҮЕҰ-лар қоғамның саяси өмі­рін­де шешуші рөл ойнайтынын көріп отыр­мыз. Қазақстанға келетін болсақ, билік пен үкі­меттік емес сектордың арасында өзара тиім­ді ынтымақтастық қарым-қатынас бар. Соң­ғы жылдары Қазақстанда үкіметтік емес сек­тор мемлекеттік құрылымдардың дұрыс ше­шім қабылдауына ықпал еткені ешкімге жа­сырын емес. Алайда көп жағдайда мұндай өтi­нiштер нақты нәтиже көрсете бермейді. Бұ­дан басқа, мемлекеттік құрылымға ықпал ету үшін қауымдасу қажет, бірақ ҮЕҰ-лар қыз­метінде әлі де бытыраңқылық, әлеуметтік мә­селелерді шешуде күш-жігердің жетіспеуі бай­қалады. 

– Азаматтық қоғам Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға қаншалықты ық­пал етіп отыр?

– Азаматтық қоғамның мақсаты – жеке тұл­ғалардың құқықтары мен мүдделерін қор­ғау арқылы қоғамның тұрақты және үйлесімді дамуына үлес қосу. Азаматтық қоғамда адам құ­­қығына қатысты ешқандай шектеу бол­мау­ға тиіс. Мұндай қоғамда әрбір өзекті мәселе дұ­рыс шешімін табуы керек. Бүгінде Қазақ­стан­ның ҮЕҰ-лары гуманитарлық көмек көр­сету,  әйелдер құқығы, экология мәселелері бойын­ша жұмыс істейді. Мәселен, зорлық-зом­былықтан зардап шеккендерге арналған дағ­дарыс және оңалту орталықтары жұмыс істей­ді. Сыбайлас жемқорлықты азайту және құқықтық сауаттылықты арттыру үшін «Адал­дық алаңы» құқықтық консультациялық алаң­дары құрылды. Инклюзивті білім беру ор­талықтары, көпбалалы аналарға арналған қол­дау орталықтары, зейнеткерлерге көмек көр­сетуге арналған жедел желілер, инклю­зив­ті қоғамдастықтарға арналған құқық қорғау орталықтары, емделушілерге арналған жедел желілер, волонтерлік және медиа орталықтар ашылды. 
ҮЕҰ азаматтардың құқығын қорғау бойын­ша тұрақты жұмыс істеуде. Сонымен қа­тар жұмыссыздардың құқығы қорғалып, қо­ғамдық бақылау бойынша маңызды тетік­тер әзірленіп, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Одан бөлек инфрақұрылымның, мобильді қызметтердің қол­жетімділігі, тұрғын үй, халықтың қар­жы­лық сауаттылығы және басқа да көптеген әлеу­меттік маңызды мәселелер кезегімен ше­шіле бермек. 
Бізге бір нәрсені анық түсіну керек. Де­мок­ратияға бет түзеген, экономикасы да­мыған, азаматтарының құқығы кепіл­ден­дірілген, ашық, инклюзивті қоғам ғана алға дами бермек. Ал азаматтық қоғамы мен құ­қық қорғаушылары еркін жұмыс істей ал­майтын жерде адам құқығына қол сұғушылық, ке­м­сітушілік пен сыбайлас жемқорлық гүл­дене береді. 

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан А.БИМЕНДИЕВА

Серіктес жаңалықтары