Ассамблея – халық дипломатиясының күретамыры

Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге елдерге қоғамда мәдениетаралық және ді­­­наралық диалог құрудың озық үлгісін көр­сетті. Тіпті, оның өңірлік және діни қақ­ты­ғыс­тардың алдын алу бойынша тәжірибесі БҰҰ-ға да үлгі ретінде алуға ұсынылды.

Ассамблея – халық дипломатиясының күретамыры
3208

Келесі жылы 30 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі этникалық топтар арасында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету мақсатында құрылған ерекше институт. Тұңғыш Президент Жарлығымен ассамблея құру саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындады. Ұйым мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік берді. Бұл әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. 

Көп ұлтты елімізде аталған ұйымның қоғамды ұйыстырудағы әлеуеті ар­тып, халық дипломатиясының маңызды кү­­­ре­тамырына айналды. Бүгінде Ассамблея – ел Президенті Төрағалық ететін консти­ту­ция­лық орган. Бұл оның ерекше мәртебесін ай­­­­­қындайды.  Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге елдерге қоғамда мәдениетаралық және ді­­­наралық диалог құрудың озық үлгісін көр­сетті. Тіпті, оның өңірлік және діни қақ­ты­ғыс­тардың алдын алу бойынша тәжірибесі БҰҰ-ға да үлгі ретінде алуға ұсынылды. Се­бебі бірегей институт еліміздегі барлық эт­нос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра оты­­рып, республикадағы тұрақтылықты сақ­­тау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің ар­­­қасында Қазақстанда этностық немесе ді­ни ерекшелігіне қарамастан әрбір аза­мат­тың Конституциямен кепілдік берілген аза­маттық құқықтары мен еркіндігі толы­ғы­мен қолданылатын этносаралық және кон­фессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қа­лыптасты. Қазақстанның көп этностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара тү­сіністік үлгісі орнады.
Ең алдымен ол бүкілқазақстандық бір­ліктің бірегей моделін қалыптастыруда маңыз­­ды рөл атқарады. Бұл құрылымның әу бас­тағы басты міндеті – мемлекеттік сая­сат­ты жүзеге асыру, Қазақстан Респуб­ли­ка­сын­дағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қам­тамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қо­ғам институттарының этносаралық қа­ты­настар саласындағы өзара іс-қимылының тиім­ділігін арттыру болатын. Сол міндет пен жауапкершіліктің үдесінен шыққан ұйым еліміздің дамуында маңызды рөл ойнайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің құрыл­ған кезінен бастап халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі этностардың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақ­тылықты сақтап, еліміздің ілгері дамуына кү­ш салды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қ­а­­зақстанның этносаралық қатынастар са­ла­сында жүргізіп отырған саясатының та­быс­ты екенін бүкіл әлемге паш етіп келеді.
Ассамблея жастармен өте тығыз байла­ныс­та жұмыс істейді.  2021 жылы қазанда өт­кен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңе­сі­нің кеңейтілген отырысында Ассамб­лея­ның жастар құрылымдарын «Жастар Ассам­б­леясы» бірыңғай республикалық жас­тар ұйы­мына айналдыру туралы тап­сыр­ма берілді. Сол жылы 17 қарашада респуб­ли­ка­лық қоғамдық бірлестік Әділет орган­да­рын­да ресми тіркеуден өтіп, бүгінде рес­пуб­ли­калық маңызы бар қалалар мен барлық об­лыста 17 өкілдік құрылды. Жаңа ұйымның мақ­саты мен міндеті – жас­тардың баста­маларын дамыту, жастар ара­сында қоғамдық келісім мен жал­пыұлт­тық бірлікті нығайту, қазақстандық жас­тар­дың әлеуметтік дең­гейін көтеру. 
«Жастар Ассамблеясы» ұйымын кешенді да­­­мытудың алты негізгі бағыты анықталды. Бі­ріншісі, Social Assembly – жастарға әлеу­мет­тік қолдау көрсету, білім деңгейін көтеру және жұмысқа орналасуға көмектесу. Екін­шісі, «Бірлік тілі» – мемлекеттік тілді оқыту. Жас­тардың қарапайым, ауызекі тілді мең­геруіне жағдай жасау. Үшіншіден,  «Ел мұра­сы» – тарихи-мәдени мұраны сақтау. Төртін­ші­ден, «Таза орта» – экология мен қоршаған ор­таны қорғау. Бесінші, «Қасиетті парыз» – әс­кери-патриоттық тәрбие. Соңғысы, Jastar media – медиажобаларды әзірлеу және ме­диа­сауаттылықты арттыру. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді жастары студенттер арасында қоғамдық ке­­­­лісім мен жалпыұлттық бірлік сала­сын­дағы мемлекеттік саясатты насихаттау және жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта оқу орындарымен өзара іс-қимыл бойын­ша жұмыс күшейтілді. Сонымен қатар республикалық және жергілікті деңгейдегі жас­тар іс-шаралары аясында Қазақстан хал­қы Ассамблеясы жастар ұйымдары басқа да жастар ұйымдарымен тұрақты түрде өзара бай­ланыс жасайды. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының алдында жаңа міндеттер тұр. 
Тіл мәселесінде Ассамблея жұмысы­ның озық көптеген жобасын атап өту­ге болады. Бүгінде республикада Қазақ­стан этностарының мәдениеті, тілі, дәс­түрі­нің дамуына қажетті барлық жағдай жасал­ған. Этномәдени бірлестіктердің саны тұ­рақ­ты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тіл­де радиобағдарлама және 7 тілде теле­бағ­дарлама шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүр­гізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мек­тепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүр­гізіледі. Сонымен қатар ересектерге ар­нал­ған 30 этнос тілін оқуға мүмкіндік бере­тін 195 этно-білім беру кешені бар және жек­­­сенбілік, лингвистикалық мектептер ашылды. 
Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елі­мізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, ко­рей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының ті­лінде бірнеше ондаған жаңа кітап жарық кө­реді. Сондай-ақ жыл сайынғы халықтық ме­рекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан хал­­­қының бірлігі мерекесі, сабантой дәс­түрге айналды. 
Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыс­тыру болса, ел дамуының жаңа кезеңін­де, стратегиялық басымдық ретінде, қоғам­ның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне не­гіз­делген Ұлт Бірлігіне жету. Өзге этностар­дың тілі мен дәстүрінің сақталуына жағдай жасай отырып, Қазақстанда тұрып жатқан олар­дың мемлекеттік тілге деген құрметін арт­тыру бағытында да Ассамблея жұмысы ерек­ше жолға қойылған. 
Соңғы рет Атырауда өткен Ұлттық құ­рыл­тайда Ассамблеяға 13 міндет жүктелді. Бі­­­ріншісі – Ассамблеяның қоғамдық құры­лым­­дарының мәслихаттар және Парламент­пен өзара іс-қимылын дамыту бойынша де­путаттық жобасына арналған «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» міндеті. Екінші  «Мем­лекеттік тіл – этносаралық қатынас ті­лі» жобасы арқылы тіл саласын­да­ғы жұмыстар жүзеге асырылуда. Үшінші «Сан алуан бола тұра бірлікті сақтау» жобасы – мә­дениет­тер­дің сан алуандығын паш етеді. Төр­тінші «Жомарт жан» жобасы – қайы­рым­ды­лық саласына арналады. Бесінші  «Ассам­блея айнасы» – Қазақстан халқы Ассам­­­блеясы журналистерінің клубы жобасы ақ­параттық салада бастау алды. Алтыншы «Бір­­тұтас қоғам: келісім және сенім» жобасы – қо­ғамдағы сенім мәдениетін дамытуға бағыт­талды. Жетінші «Этномәдени бірлестіктер: Реформалардың әлеуметтік базасы» деп аталатын жоба этносаралық өзара іс-қимыл алаңы, жалпы ұлттық құндылықтарды ілге­рілету бойынша жұмыстарға этномәдени бір­лестіктерді тартуға шақырады. Сегізінші жо­ба – «С­а­лауат­ты сана». Аталған аналар кеңе­сі қоғам­да­ғы буллинг, зорлық-зомбылық, ойын­құмар­лық, нашақорлық сынды дерттерге қар­сы жүйелі іс-қимыл жүргізуді көздейді. Тоғызыншы жоба «Адал азамат» деп аталады. Ол Қазақстан халықтарының негізгі құн­ды­лықтары арқылы жастар мен балаларды тәрбиелеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Оныншы «Ел­десу және татуласу» этномедиация кеңесі жо­басы бірлік пен ынтымақты арттыруға ар­нал­ған. Он бірінші «Ассамблея жастары» бір­лес­тігінің «Жаңа толқын» жобасы Қа­зақстан халқы Ассамблеясы жаңа тұлға­ла­рын да­мытуды көздейді және ол экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар «Тамырлас» ғылыми-сарап­тамалық кеңесі жобасының міндеті – жал­пыхалықтық құндылықтарды ілгерілетуге ғылыми-сарапшылық қоғамдастықты тарту. Соңғысы – «Қазақстан халқы Ассамблеясы академиясы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралар ассоциация­сы осы ұйым үшін жаңа кадрлар дайын­дау­мен айналысады. Осы жобалардың бәрі өңір­лік Ассамблеялардың жұмысының маңыз­ды бір бөлігіне айналуы керек. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақ­стан­ның тұрақтылығы мен дамуына үлес қо­сатын негізгі институттардың бірі. Ол ел­дегі этникалық және әлеуметтік әртүрлі­лік­ті сақтап, қоғамдағы бейбітшілік пен келі­сімді қамтамасыз етуде маңызды рөл ат­қарады. Өз тарихында Ассамблея Қазақ­стан Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конс­ти­туциялық органға дейін өсті. Қазақстан хал­қы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесі­нің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалды. Бүгінде Ассамблея мемлекеттік, ұлттық саясатты әзірлеуге және жүзеге асы­ру­ға, Қазақстан Республикасындағы қоғам­дық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етіп отыр. 
 

Акбаржон ИСМАИЛОВ,
республикалық тәжік этномәдени орталығының төрағасы, 
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі 

Серіктес жаңалықтары