Сапалы қызмет – жауапты міндет

Мәжіліс депутаты орталық жұмысымен танысып, ұжыммен көлік иелеріне қызмет көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады.

Сапалы қызмет –  жауапты міндет
сурет: amanatpartiasy.kz
398

Мәжіліс депутаты, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Мәжіліс депутаты орталық жұмысымен танысып, ұжыммен көлік иелеріне қызмет көрсетудің өзекті мәселелерін талқылады. 

Шымкент қаласындағы орталық күніне 300-ге жуық адамға қызмет көр­се­теді. Биыл 35 мыңнан астам мемле­кет­тік қызмет көрсетіп, 12 мыңға жуық жүр­гізуші куәлігін берген. 
– Екі жыл бұрын біздің халыққа қыз­мет көрсету орталығындағы адам­дар­дың ұзын-сонар кезегі көпке мәлім бол­ды. Тіпті, кейбіреулер кезекке тұру үшін қоршаудың үстінен секіріп жатты. Бұл келеңсіз жайт Түркістан облысынан кел­ген азаматтардың көп болуынан орын алды, кейін ол жақта халыққа қыз­мет көрсету орталығы ашылды. Бірақ қа­зір кезек азайған жоқ. Мекемеде ком­пьютерлер жеткілікті секілді, дегенмен әлі де қағазбастылық мәселесі бар, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Айдос Әбдіразақ. 
Мәжіліс депутаты Болатбек Нажмет­дин­ұлы көлік иелері мен ХҚО қыз­мет­керлерінің мәселелері мен ұсыныстарын тың­дады. Ол халыққа сапалы әрі қолже­тім­ді қызмет көрсетудің маңызына тоқ­талды.
– Халық жалпы мемлекеттің жұ­мы­сын халыққа қызмет көрсету орта­лық­тары жұмысының сапасына қарап баға­­­лайды. Қызметкерлердің ынтасын және кадрлық әлеуетін арттыру үшін соң­ғы екі жылда республика бойынша ха­лыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің еңбекақысы 100 пайыз­ға өсті. Біз мамандардың еңбек жағдайын жақсартуды жалғастыра бере­міз, бірақ олардың да жұмыс деңгейіне қойылатын талаптар артып келеді. Пар­тия­мыздың «Халықпен бірге!» сайлауал­ды бағдарламасында мемлекет, қоғам және азамат арасындағы қарым-қаты­нас­ты барынша цифрландырудың, қыз­меттер алудың барлық сатысынан адам факторын алып тастаудың маңызды­лығы ерекше атап өтілді, – деді де­путат.
Болатбек Нажметдинұлы дайын құ­жат­тарды беру секторының, опера­ция­лық залдың, автодромның және басқа да бөлімдердің жұмысымен танысты. Кез­десу соңында депутат туындаған мә­се­лелерді шешуге, оның ішінде маман­дандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының балансында тұрған автодромдарды қаржыландыруға қатыс­ты қажетті қолдау көрсетуге ықпал ете­тінін айтты. 

Серіктес жаңалықтары